Қазақстандық футболшы украиналық клубтармен келіссөздер жүргізуде

10.01.2022, 20:17
Футболшы қазір клубсыз жүр.
Қазақстандық футболшы украиналық клубтармен келіссөздер жүргізуде

«Ворскла» клубы қазақстандық футболшы Геворг Наджарянға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Sport.ua сайты.

Футболшы бұған дейін қарағандылық «Шахтердің» намысын қорғаған еді, бірақ келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты клубтан кетуге мәжбүр болды.

Футболшымен «Ворскладан» бөлек, тағы бірнеше украиналық және басқа да шетелдік клубтар келіссөздер жүргізуде.

Наджарян 2021 жылы Қазақстан чемпионатында 19 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×