Бүгін Ресей кубогінің ширек финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Championat.com сайты.
Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын мәскеулік ЦСКА командасы Туланың "Арсеналымен" ойнайды. Құрамында қазақстандық қорғаушы Марат Быстров өнер көрсететін "Ахмат" Грозный өз алаңында "Уфаны" қабылдайды. Сондай-ақ, Абат Айымбетов ойнайтын "Крылья Советов" өз алаңында Мәскеудің "Динамосымен" ойнайды. Барлық матчтар 7-8 сәуірде өтеді.
Біздің серіктес: FONBET