Қазақстандық клуб қатысқан жолдастық кездесуде 4 гол салынды

26.01.2023, 23:38
Қазақстандық клуб қатысқан жолдастық кездесуде 4 гол салынды


Қарағандылық "Шахтер" Түркиядағы жаттығу жиынында "Орхус" ФК кездесіп, 3:1 есебімен есе жіберді.

Матчтың бірінші бөлігі 1:1 есебімен аяқталған болатын. Одан кейін, даттықтар ойындағы басымдылықты қолға алып, жеңіске жетті. "Кеншілер" сапынан жалғыз голды Рохер Каньяс салды. 

"Шахтер" бірінші таймды мына құраммен бастады: Шацкий, Горизанов, Толордава, Букорац, Алишаускас, Каньяс, Тұтқышев, Захаренко, Пайруз, Галкин, Флюк.

Мачтың екінші бөлігінде Цуприков, Савкив, Төлебай, Мұхаметжанов, Вагнер, Назымханов, Перцух, Алтынхан, Чогадзе, Князев, Свиридов.

"Орхус" - Данияның 5-дүркін және Дания кубогінің 9-дүркін чемпионы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×