Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырушылар осы жылдың қараша айында КПЛ клубтарымен байланысқа шыққан.
Олардың жоспарларына сәйкес, Түркия шетелдік командаларға ОЖЖ өткізу үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды. Лагерь ұйымдастырушылары Премьер-лига ойындары кезінде Алматыда ҚПЛ клубтарының жетекшілерімен кездесулер өткізді.
Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер жабылған жағдайда қауіпсіздік мақсатында командалар чартерлік рейстермен Стамбулды айналып өтіп, Анталияға баруы мүмкін. Қабылдаушы тарап сонымен қатар командаларға ПТР тестілеуден тікелей қонақ үйде өтуді ұсынып отыр.
Еске салайық, кеше Түркия президенті Тайип Ердоған жаңа жылдық демалыс кезінде елде қатаң карантин енгізілетінін мәлімдеді.
Біздің серіктес: FONBET