Қазақстандық клубтар өзбек ойыншысына таласып қалды

“Насаф” ФК жартылай қорғаушысы Айбек Базаров “Ордабасы” немесе “Қайрат” ұжымдарының біріне ауысады деп күтілуде.

Қазақстандық клубтар өзбек ойыншысына таласып қалды
Фото Vesti.kz

Өзбекстан Суперлигасының ойыншысы бірер күн бұрын Ресей және Сербия ұжымдарының сапын толықтыруға қарсылық білдірген екен. Осы сәтті өз пайдасына шешуді көздеген “Ордабасы” мен “Қайрат” Базаровқа қомақты көлемдегі келісімшарт ұсынған. Ұсынысты қабыл алған Айбек ойланып көрейін деп жауап қатқан екен.

Жартылай қорғаушы Өзбекстан Суперлигасының өткен маусымында 26 ойын өткізіп, 2 гол мен 4 голдық пастың авторы атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×