Қазақстандық клубтар қанша қаржы тапты?

02.06.2017, 02:13
Қазақстандық клубтар қанша қаржы тапты?

Футбол – үлкен бизнес. Аладоп өнерінің айналысндағы ақшаның есебі жоқ болып көрінеді. Осы бір әлемдік айналымға енді қазақстандық клубтар да бас сұғып келе жатқандай. Біз де біреудің қалтасына қол сұққандай болмайық, біреқ-та біреудің ақшасын санағанды жақсы көреміз ғой?! Ендеше Еуропадағы футбол ойындарында кім қанша қаржы тапты, есептеп көрейік. 

2016/17 жылғы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы аяқталуға жақын. Екі жарыстың да соңғы матчтары қалды. Енді осы тұрғыда біздің клубтардың өнерлерін есептеп кеп жіберейік. Доданы Чемпиондар лигасынан бастап, кейіннен Еуропа лигасының топтық кезеңіне өткен «Астана» биыл – 3,4 миллион еуро ақша тауыпты. Өткен маусымда өздеріңіз білесіздер, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне кіріп кетіп, командамыз 17,2 миллион еуро көлемінде табыс түсірді.

Чемпиондар лигасындағы қаржылық есеп.

Іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін - 220 000 евро Екінші Іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін - 320 000 евро Үшінші Іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін - 420 000 евро (тек жеңілген клубтар)

Ал соңғы маусымда Еуропа лигасында біздің жағдайымыз қалай болды? Әдеттегідей 3 командамыз Еуропа лигасына қатысты. Олар: «Қайрат», «Ордабасы», «Ақтөбе». «Ордабасы» мен «Ақтөбе» екеуі де бірінші айналымнан шығып кетті. «Ақтөбе» венгрияның «МТК» командасынан өте алмаса, шымкенттіктердің «Чукаричкиге» шамалары жетпеді.

Бұл екі командамыздың алған қаржысын төмендегі кестеден көре аласыздар. Ал «Қайрат» алғашқы іріктеу кезеңінде Албанияның «Теутасын» тас-талқан етті. Екінші кезеңде израильдің «Маккабиіне» қарсылас атанып, сырт алаңда жеңіліп қалды. Осылайша Еуропа лигасындағы жорық біздің клубтарымыз үшін өте ерте аяқталып еді. Сонда «Қайрат» клубы 440 мың еуро көлемінде табыс тапты деген сөз.

Еуропа Лигасының қаржылық есебі.

Іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін - 215 000 еуро Екінші Іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін - 225 000 еуро Үшінші Іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін - 235 000 евро Плей-офф кезеңіне қатысқандар үшін - 245 000 евро (тек жеңілген клубтар)

Енді көптеген жанкүйерлердің қызығушылығын тудыртып отырған сауалға тоқталсақ. «Реал» мен «Ювентус» арасындағы финалда кім қанша қаржы табады? Жеңімпаз командаға Уефа 15,5 миллон еуро, ал финалистке 11 млн. береді. Демек, топтық кезеңге қатысқаны үшін алатын 12 миллионнан бастап, әрбір жеңісіне 1,5 миллионнан алатын чемпиондар лигасының жеңімпазы шамамен 57 миллион еуродай қаржы түсіреді екен. Өткен жылы «Реал» 54 миллион алған еді. Осы тұрғыда биылғы чемпионатын аяқтаған Ағылшын премьер-лигасы да клубтар арасында өздерінің қаржылық бөлінісін жария етті. Енді қараңыздар, АПЛ-ден шығып қалған «Мидлсбро» биыл 104 миллион еуро тапқан. Бәлкім ағылшындық клубтардың еурокубоктарда сүреңсіз ойнап жүргенінің салдары осында шығар?

18622611_1386693101398383_1297122595200108510_n

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×