Қазақстандық клубтардың Конференция лигасынан қанша ақша табатыны белгілі болды

01.06.2021, 03:49
Отандық клубтар ең аз дегенде 450 мың еуроны қалтасына басады.
Қазақстандық клубтардың Конференция лигасынан қанша ақша табатыны белгілі болды

УЕФА Конференциялар Лигасының әр кезеңіне өткен сайын берілетін бонустардың мөлшерін жарияланды, деп хабарлайды Moldfootball басылымы.

Конференция лигасында Қазақстанның атынан «Тобыл», «Астана» және «Шахтер» клубтары қатысады. Олардың барлығы турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Және әрқайсысы әр турға қатысқаны үшін 100 мың еуро алады.

Сондай-ақ клубтар төмендегі формула бойынша әр турдан шығып кеткені үшін белгілі бір мөлшерде өтемақы алады:

Бірінші іріктеу кезеңінен шығып қалса 150 мың еуро;

Екінші іріктеу кезеңінен шығып қалса 350 мың еуро;

Үшінші іріктеу кезеңінен шығып қалса 550 мың еуро;

Плей-оффта жеңілсе 750 мың еуро.

Осылайша, қазақстандық клубтар ең аз дегенде, алғашқы кезеңнен ұшып кетсе, 100 мың + 350 мың еуро пайда табады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×