Қазақстандық клубтардың Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

02.08.2021, 23:35
Плей-офф кезеңі отандық командаларымыз үшін оңай болмайын деп тұр.
Қазақстандық клубтардың Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

Бүгін Ньон қаласында Конференция лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды.

• Егер «Қайрат» Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінен өте алмаса, Конференция Лигасының плей-офф кезеңінде "Линфилд" - "Фола" жұбының жеңімпазына қарсы ойнайды.

Алғашқы матч 19 тамызда сырт алаңда өтеді. Қарымта кездесу 26 тамызда Алматының Орталық стадионында өтеді.

• Егер «Астана» қос кездесудің қорытындысы бойынша финляндиялық КуПС командасын жеңсе, Конференция Лигасының плей-офф кезеңінде Бундеслигада өнер көрсететін «Унион Берлин» клубымен ойнайды.

Алғашқы матч 19 тамызда сырт алаңда, ал қарымта ойын 26 тамызда «Астана Аренада» өтеді.

• «Шахтер» «Колос» командасынан айласын асырса, Конференция Лигасының плей-офф кезеңінде «Спартак Трнава» - «Маккаби Тель-Авив» жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Алғашқы матч 19 тамызда Нұр-Сұлтанда, ал қарымта кездесу 26 тамызда қарсыластың алаңында өтеді.

• «Тобылдың» Конференция Лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықтады. Қостанайлық клуб Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде бір-біріне қарсы ойнайтын «Яблонец» - «Селтик» жұбында жеңілген командамен кездеседі.

Алғашқы матч 19 тамызда өтеді. Қарымта матч 26 тамызда «Астана Аренада» өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл үшін қостанайлық клуб Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде словакиялық «Жилинаны» жеңуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×