«Тұран» футбол клубы басшылығының шешімімен интернетте «қазақстандық Моуриньо» деген атпен танымал болған Ивадулла Мелдеханов мүмкіндігі шектеулі көрермендермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.
Ивадулла - Түркістан тұрғыны. Бала кезден Кентауда футболмен шұғылданған. Былтыр «Тұранның» «Түркістан Аренадағы» бірде-бір матчын жібермеді.
7 жыл бұрын футбол жанкүйері Ивадулла Мелдеханов матч кезінде ерекше қолдауымен ел назарын өзін аударды. YouTube-та оның видеосы 600 мың қаралым жинап үлгерген. Стадионда «қазақстандық Моуриньо» өзін бас бапкер ретінде көріп, командалар мен ойыншыларға ақыл-кеңесін айтып, атмосфераны «қыздыра» түсетін.
«Тұран» футбол клубы Ивадуллаға жаңа қызметінде табыс тілеп, команданың дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.
Біздің серіктес: FONBET