«Қайраттың» бұрынғы футболшысы және Қазақстан жастар құрамасының экс-капитаны Тимур Рудосельский Армениялық "Лори" клубының ойыншысы атанды.
25 жастағы Рудосельский көктемде Беларуссия біріншілігінде өнер көрсететін «Смолевичи» клубымен алдын-ала келісімшартқа қол қойды, бірақ карантин мен шекараның жабылуына байланысты бұл ауысым орын алмады. Бұған дейін қорғаушы «Ақтөбе» құрамында Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жаттыққан болатын.
Рудосельский мансабын «Қайратта» бастап, 2014 жылдан 2017 жылға дейін негізгі команда үшін ойнады. Ол 2018 жылғы маусымды «Жетісуда» бастап, содан кейін Израильге көшті, Тимур ол жерде екінші лигада ойнайтын Петах-Тиквалық «Хапоэль» клубында доп тепті. Қорғаушы өткен маусымды «Оқжетпесте» өткізді, ол үшін ҚПЛ-дың 11 матчында бір гол соқты.
Бұрын Рудосельский Қазақстан жастар құрамасында ойнап, оның капитаны болған. Ол ұлттық құрамаға соңғы рет 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне шақырылды.
Біздің серіктес: FONBET