Қазақстандық қақпашыға Армения клубтары қызығуда

05.08.2020, 19:40
Қақпашыға Қырғызстан клубтары да қызығушылық танытуда.
Қазақстандық қақпашыға Армения клубтары қызығуда

25 жасар қазақстандық қақпашы Азамат Жомартовқа Арменияның жоғарғы лигасында өнер көрсететін команда қызығушылық танытуда.

Сондай-ақ, Қырғызстан чемпионатынан да ұсыныс түскен. Бірақ, қазіргі елдегі жағдайға байланысты футболшы Aрменияға аттана алмай отыр.

Азамат - "Атырау" мектебінің түлегі. Осы маусымды қырғызстандық «Қағанат» командасында бастап, дебюттік ойынында қақпасын құрғақ ұстап, ойынның үздік ойыншысы атанған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осы маусымнан бастап Арменияда қазақстандық ойыншылар легионер болып саналмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×