Қазақстандық қорғаушы Армения кубогінің иегері атанды

09.05.2022, 15:56
Оның командасы Конференция лигасына жолдама алды.
Қазақстандық қорғаушы Армения кубогінің иегері атанды

Құрамында қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский өнер көрсететін «Нораванк» Армения кубогінің финалында «Урартуды» 2:0 есебімен ұтты.

27 жастағы қорғаушы Тимур Рудосельский негізгі құрамда шығып, толық ойын өткізді.

Айта кетейік, бұл клуб 2020 жылы құрылды. Небәрі екі жыл ішінде ел кубогін иеленді.

Сондай-ақ, осы жеңісінің арқасында «Нораванк» өз тарихында алғаш рет Конференция лигасына қатысатын болады.

Рудосельский «Нораванк» клубына осы жылдың ақпан айында ауысқан еді. Содан бері 25 матчқа қатысып, 2 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×