Қазақстандық қорғаушы армениялық клубқа ауысты

19.02.2022, 23:50
Футболшы өткен маусымды да Арменияда өткізген еді.
Қазақстандық қорғаушы армениялық клубқа ауысты

Армениялық «Нораванк» 27 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельскиймен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Тимур Рудосельский – алматылық «Қайраттың» тәрбиеленушісі. Бұған дейін ол көкшетаулық «Оқжетпес», талдықорғандық «Жетісу», қызылордалық «Қайсар», израильдік «Хапоэль» Петах Тиква, армениялық «Лори» сынды клубтарда өнер көрсеткен.

Рудосельскийдің соңғы клубы армениялық «Севан» болды. Ол өткен жазлан бері аталмыш команда сапында 13 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Футболшы Қазақстан құрамасына шақыртылғанымен, әлі дебют жасаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×