Қазақстандық қорғаушы армениялық клубтағы дебюттік голын соқты

03.04.2022, 16:47
Футболшы ойынның 77-секундында көзге түсті.
Қазақстандық қорғаушы армениялық клубтағы дебюттік голын соқты

Армения кубогінің жартылай финалдық кездесуінде «Нораванк» «Араратты» 2:1 есебімен ұтты.

27 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский негізгі құрамда шығып, толық ойын өткізді. Сонымен қатар Тимур кездесудің екінші минутында-ақ өз командасын алға шығарды. Бұл қазақстандық ойыншының «Нораванктегі» дебюттік голы болды.

Осылайша, «Нораванк» Армения кубогінің финалына шықты. Ақтық сында Рудосельскийдің командасы «Урарту» – «Ван» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×