Қазақстандық қорғаушы Еуропалық клубқа ауысуға жақын

14.07.2020, 05:48
Нұралыға Ресейдің біраз клубы қызығып отыр.
Қазақстандық қорғаушы Еуропалық клубқа ауысуға жақын

«Қайрат» пен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп жақын арада шетел чемпионатына кетуі мүмкін. Бұл туралы журналист Ербол Қайыров хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, Н.Әліпке деген қызығушылық Ресей клубтарынан да байқалады, РПЛ-де қазақстандықтар ЕАЭО азаматтарына қатысты ережеге байланысты алдағы маусымда легионер ретінде қарастырылмайды.

«Еуропада оған белсенді түрде қызығушылық танытып жатыр. Тіпті Ресейлік клубтар да Әліптің кандидатурасын қарастыруға дайын. Келіссөздер жүріп жатыр. Егер ол кетсе, керемет болады», - деп жазды Кайыров.

20 жастағы Әліп ҚПЛ-дың ағымдағы маусымында "Қайрат" құрамында барлық төрт матчын толық өткізді. Ақтау қаласының тумасы 2018 жылы алматылықтардың негізгі құрам ойыншысына айналған болатын. 2018 жылы Әліп Қазақстан құрамасы үшін алғашқы және осы уақытқа дейінгі жалғыз матчын Венгриямен болған жолдастық матчта өткізді. Ол үнемі жастар құрамына шақырылып тұратын, одан бөлек ол ұлттық құраманың Еуро-2020 іріктеу кезеңінің ойындарына да шақырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×