Қазақстандық шабуылшы армениялық клубқа ауысты

28.01.2022, 14:22
Футболшы армениялық клубқа еркін агент ретінде ауысты.
Қазақстандық шабуылшы армениялық клубқа ауысты

«Алашкерт» 27 жастағы қазақстандық шабуылшы Алексей Родионовпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Футболшы армениялық клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Родионов кәсіби футболдағы мансабын «Астанада» бастады. Ол елордалық клуб сапында 2015-2017 жылдар аралығында өнер көрсеткенімен, негізгі құрамға іліге алмады.

2018 жылдың қаңтарында ол «Атырауға» ауысты, содан бері «мұнайшылар» үшін 81 матч өткізіп, 6 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы оның құнын 150 мың еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×