Қазақстандық шабуылшы молдовалық клубқа ауысты

16.02.2022, 22:56
Футболшы бұған дейін шетелдік клубтарда доп тепті.
Қазақстандық шабуылшы молдовалық клубқа ауысты

Молдовалық «Шериф» Қазақстан U19 жасөспірімдер құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Даниил Анкудиновпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Даниил Анкудинов - Қарағанды футболының түлегі. Бұған дейін ол «Марсет», «Касабланка» сияқты клубтарда және соңғы жарты жыл бойы мәскеулік «Родинаның» қосалқы командасында ойнады.

Анкудинов 2021 жылы 19 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Солтүстік Ирландияға қарсы ойында дебют жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×