Жүлдегерлердiң лигасы
Әйел командаларының арасында жүлдегерлерiнiң лигасы Менің түсінгенімше бұдан кейін Чемпиондар Лигасын «Жүлдегерлер Лигасы» деп атауды ұсынуда Федерация басшылары. Негізі орысшаға аударсақ Лига призеров болады. Бірақ қол қойылып, қазақшасы бекітіліп, министрдің де тексеруінен өткен болар деген оймен бұдан кейін осылай атау керек. Ойыншылардың санақ — Басында түсінбедім. Орысшасын қарап түсіндім, Ойыншылар статистикасын енді осылай атау керек екен, Ойыншылардың санақ! Кiм футбол бойынша ҚРдың Президентасы кубоктi ұтады? Бұл не деген сұрақ? Өздеріңіз түсініп алыңыз ,ал мен ұлтым қазақ, тілім қазақ, бірақ түсіне алар емеспін, ұялып отырмын…
Команда аттарын орысша айта берген жөн: Ал тур, немесе ойын сөздерін жарыс деп айта беруге де болады екен. Мысалы соңғы ойын немесе жақын ойындарды жақын жарыстар, соңғы жарыстар деп айта беруге болады. Бұрын жарыс деп соревнованияны айтатын едік, енді олай емес. Соревнование демекші, бұл сөзді де қазақ тіліне енгізіпті Федерация басшылары. Ол үшін Көрермендердiң мiнез-құлығының ережелерiн қарасаңыз болады. Бомбардирлар дегені не орысша емес , не қазақша емес , шала қазақша болып отыр. Төрешiлiк және тексерудi департаменті — Департаменттің аты осындай. Регламенттер және жағдай — "Қалай жағдай федерация?" деген сұраққа жауапты осы жерден аламыз.Алайда қазір аздап болса да өзгертіпті , бірақ қате әлі көп. Бүгінше осы, әрі қарай жалғастыруға жүйкем сыр бере бастады. Өз тілімді осылай дұрыс білмегеніме ыза болып отырмын. Маған тіл үйреткен әке-шешеме өкпем қарақазандай. 30 жасқа келіп, әлі күнге шейін қазақша жазылған нәрсені түсінбейтіндей мен не жазып едім Құдай-ау :(((Біздің серіктес: FONBET