Қазақстанның танымал футболшысы клуб ауыстырды

25.01.2023, 17:54
Қазақстанның танымал футболшысы клуб ауыстырды


Нұрлан Даиров "Мақтаарал" сапында өнер көрсететін болады.

Қорғаушы бұған дейін "Тараздың" намысын қорғап келген болатын. Онда ол, өткен маусым қорытындысы бойынша 23 ойын өткізді.

Даиров мансабын "Оқжетпес" пен "Қайрат" ФК бірінде жалғастырғысы келген. Алайда, тараптар жүргізілген келісім барысында бір мәмілеге келе алмаған.

Тағы бір айта кететіні, "Мақтаарал" қырғыз Одилжон Абдурахмановтың келісімшартын ұзартты. Футболшы өткен маусымда ҚПЛ аясында 8 ойын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×