Қазақстанның төрт клубы Түркияға бір чартерлік рейспен аттанады

16.01.2021, 01:19
Батыс Қазақстанның клубтары қаражат үнемдеуді жоспарлауда.
Қазақстанның төрт клубы Түркияға бір чартерлік рейспен аттанады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Премьер-Лига клубтары - «Ақтөбе», «Каспий», «Атырау» және «Ақжайық» Түркияға оқу-жаттығу жиынына бір чартерлік рейспен бармақшы.

Клуб жетекшілері пандемия кезінде қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ қаражатты үнемдеу мақсатында мүмкіндігінше өзара келісімге келді. Болжам бойынша бұл клубтар Түркияға 20 қаңтарда аттанатын болады.

Бұл клубтардың барлығы биыл ҚПЛ-да ойнайды. «Ақтөбе», «Атырау» және «Ақжайық» өткен маусымнан кейін жоғарғы дивизионға қайта оралды. Ал «Каспий» өткен маусымда Премьер-лигадағы орнын сақтап қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×