19 жасқа дейінгі Қазақстанның жастар құрамасы «Гранаткин Мемориалы» турнирінің алғашқы кездесуінде Болгарияға жол берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Жерлестеріміз 2:0 есебімен ұтылды. Болгария сапында Георгиев пен Игнатов көзге түсті. Осылайша, Қазақстан құрамасы "С" тобындағы соңғы орынға жайғасты.
Отандастарымыз келесі матчты Словения құрамасына қарсы өткізеді.