Қазақстанның жеңіске жетуі «ертегідей» көрініп отыр

25.03.2011, 00:56
Қазақстанның жеңіске жетуі «ертегідей» көрініп отыр

Сәуегей сегізаяқ Паульдің рөлінде жүрген екі аяқты қазақтар да бар. Спортқа сәуегейлік көзқарас орнап, бәс тігу үрдісі бас көтергелі қай заман. Бүгінде аламан жарыстарға шынайы жанкүйерлік танытқаннан, нәтижесін болжап бәс тіккен әлдеқайда абзалырақ болып тұр өкініштісі. Тіпті, әлемді жайлаған жұмыссыздық мәселесі де бәс тігуге келгенде жұмған аузын аша алмай отыр. 

Қазақ жалақысын букмекерлік кеңселерден алып жүргенін білесіз бе? Еңкейген баладан егде тартқан ағаларға дейін бәс тігу кеңселерін маңайлап, жарыс біткенше дегбірі қашып, ұтқан нәпақасы мен құрдымға кеткен ақшасын санап жан бағуда. Енді олардың ұлттық құраманың кезекті кездесуіне беретін бағасы қандай? «Қазақстан немістерден ұтылады» дейді бәрі шімірікпестен. Міне, сенімсіздікдің жарға итеретін тұсы осындайда. Бәлелі ауыз өзімізден шығып жатса, қалғанынан не сұрайсыз. Ал енді, букмекерлік кеңселердің бәс тігушілер үшін қандай ақыл-кеңес беріп жатқандығын байқаңыз. Егер, 2012 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарындағы Германия-Қазақстан кездесуінде немістер жеңіске жетсе, ақшаңызды 1,01 есе көбейтіп аласыз. Ал, қазақ футболшылары айды аспаннан шығарып, сенсация жасайды десеңіз, ақшаңызды 54,55 пайызға еселейсіз. Міне, гәп қайда жатыр? Мұндай жағдайдан кейін ерікті түрде жеңілеміз деген тұжырымға келетініңіз өкінішті.

Бұрын футбол федерациясы басшылығында Рахат Әлиев отырған кезде 10 ойыннан 10 ұпай алу міндеттелсе, қазір он гол жібермеу талап ретінде қойылып отыр. Немесе, бір ойыннан 1 ұпай алу көзделетін болса, қазір 5 ойында бір гол соғу арман болып қалды. Ал, неміс қақпасына гол соғу қолымыздан келе ме дегенге келсек...

Жақында ғана Германия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін одан әрі жалғастыру келісім-шартына қол қойған Йоахим Лев кездесу алдында мәдениеттен аспай, Қазақстан құрамасының жақсы ойын көрсете алатындығын ғана айтып құтылды. Десе дегендей, әлемдік рейтинг бойынша Испания мен Голландия құрамасынан кейінгі орынды еншілеп тұрған немістердің көрсеткіші қай жағынан алып қарасаңыз да басым. Сондықтан, Йоахим Левтің бұл мәдениетті түрде білдірген пікіріне де ризашылық білдірген жөн. Ал, көпшілік не дейді. «Беранек білікті бапкер. Германияға қарсы ойында 4 голдан артық жібермейді» дегенді айтады. Ал, гол сала ма дегенге келгенде үнсіз қалуда бәрі.

Кездесуден бұрын Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Мирослав Беранектің пікірлеріне тоқталып өтсек.

– Кездесу басталмас бұрын әр футболшының алаңдағы орнын белгілеу үшін екі ойыншыдан таңдадық. Біз болжаған межені қай футболшы толыққанды алып жүре алады? Міне, осы бізді қатты толғандырады. Өкінішке орай, Карпович, Сымақов сынды белді ойыншыларымыз өнер көрсете алмайды.

Біз әлемнің ең мықты командасына қарсы ойын өткізбекпіз. Бір жақсысы, немістерге қарсы қалай ойнау керектігін ұғынып та қалдық. Егер немістер доп жоғалтатын болса, барлық команда жұмылып допты өзіне қайтаруға кіріседі. Сондай-ақ, олар бұл мақсатына небәрі 5-6 секунд ішінде қол жеткізеді. Бізге де дәл солай ойнау керек. Шартты түрде айтсақ, қазақстан құрамасы екінші деңгейлі жылдамдықта ойнайды. Ал, немістерге қарсы тегеурінді ойын көрсету үшін бесінші деңгейдегі жылдамдықты іске қосу қажет. Бірақ, мойындау керек, бізде бұл жағынан аздап кемшіліктер бар. Қалай болған күнде де, ойынның қалай өрбуіне байланысты шамамызша жуап қайтарамыз, – деді чех маманы.

26-наурыз күні Кайзерслаутернда Астана уақыты бойынша 00.50-де Қазақстан құрамасының футболшылары әйгілі Германия құрамасына қарсы іріктеу ойындарын өткізеді.

Германияға қарсы ойында ұлттық құрамаға шақырылған қазақстандық ойыншылар тізімі төмендегідей. Қақпашылар: Давид Лория (Ертіс), Александр Мокин (Шахтер), Андрей Сидельников (Ақтөбе); қорғаушылар: Александр Кислицын (Тобыл), Фархадбек Ирисметов (Ордабасы), Қайрат Нұрдәулетов, Михаил Рожков (екеуі де – Локомотив), Ренат Абдулин (Восток), Владислав Чернышов (Ертіс), Антон Чичулин, Юрий Логвиненко (екеуі де – Ақтөбе); жартылай қорғаушылар: Азат Нұрғалиев (Ордабасы), Сергей Скорых (Жетісу), Қазбек Гетериев (Жемчужина-Сочи, Ресей), Максим Азовский, Ұлан Қонысбаев, Дмитрий Шомко (екеуі де – Локомотив), Жамбыл Көкеев, Мақсат Байжанов (екеуі де – Шахтер), Евгений Аверченко (Ақтөбе); шабуылдаушылар: Сергей Хижниченко (Шахтер), Нұрбол Жұмасқалиев (Локомотив), Сергей Остапенко (Жетісу), Сергей Лисенков (Ақтөбе).

Жарақатынан байланысты тізімге алынбаған Самат Сымақов (Акқтөбе), Сергей Каримов (Вольфсбург, Германия), Александр Киров (Локомотив), Андрей Карпович (Локомотив), Генрих Шмидтгаль (Оберхаузен, Германия), және шабуылдаушы Андрей Финонченко (Шахтер) сынды команданың белді ойыншылары.

Жандос ЫСМАЙЫЛ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.376
Ничья
5.45
П2
8.65
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.008
Ничья
3.975
П2
3.615
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.968
Ничья
3.915
П2
3.81
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.529
Ничья
4.84
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.26
Ничья
3.585
П2
2.272
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.79
П2
2.865
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.01
Ничья
3.81
П2
1.945
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.08
Ничья
14.8
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
×