Qazsport Қазақстан Суперкубогінің ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

23.02.2021 15:23 ҚПЛ

Матчтар 2-6 наурыз аралығында өтеді.

Qazsport Қазақстан Суперкубогінің ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

QAZSPORT телеарнасы Қазақстан Суперкубогінің матчтарын тікелей эфирде көрсетеді.

Барлық матчтар Түркістан қаласында «Түркістан-Арена» стадионында өтеді. Жартылай финалағы «Шахтер» - «Астана» матчы 2 наурызда, ал «Тобыл» мен «Қайрат» арасындағы кездесу келесі күні - 3 наурызда өтеді. Екі ойын да жергілікті уақыт бойынша 17:00-де басталады.

Жартылай финалда ұтылған командалар арасындағы үшінші орын үшін кездесу 5 наурызда сағат 15:00-де өтеді. Қазақстан Суперкубогінің финалдық матчы 6 наурызда сағат 17:00-ге жоспарланған.

1 пікір

  1. Астана

    Астана

    24.02.2021 14:21

    Осы жылғы кубокті Қайратқа бермим