ҚФФ Бас хатшының қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады

19.11.2021, 20:41
ҚФФ Бас хатшының қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады

ҚФФ баспасөз қызметі ұйымның бас хатшысы Азамат Айтхожиннің қызметінен кетуіне қатысты жаңалыққа байланысты ресми мәлімдеме жасады.

«Бірнеше баспасөз беттерінде ҚФФ Бас хатшысы Азамат Айтхожин қызметінен кетеді деген ақпарат тарады.

Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. Азамат Айтхожин қалыпты жағдайда жұмысын одан әрі жалғастыра бермек. 

ҚФФ баспасөз қызметі тек ресми ақпаратқа сүйенулеріңізді өтінеді. Біздің ресми сайтымыз бен әлеуметтік желілеріміздегі ақпараттарды қадағалай жүріңіздер», - делінген ҚФФ ресми сайтында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×