ҚФФ Керімжанов, Себаи және Тағыбергеннің жазасын жеңілдетті

20.10.2020, 17:58
Аталған ойыншылар екі матчқа шеттетілді.
ҚФФ Керімжанов, Себаи және Тағыбергеннің жазасын жеңілдетті

Қазақстан футбол федерациясының комитет отырысында «Қайсар», «Тобыл» және «Жетісу» футбол клубтарының өтініштері қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:

«Қайсар» (Қызылорда) ФК өтініші бойынша:

ҚФФ Тәртіптік ережелерінің 116-бабына және 31-бабына сәйкес, Тәртіптік-бақылау комитетінің 2020 жылғы 6 қазандағы шешімі өзгертілді.

- «Қайсар» ФК ойыншысы Асхат Тағыбергенді 2 матчқа ойыннан шеттетіп, 3 матчты сынақ мерзімінде 3 айға белгілеу. Жазаны қолдану мерзімі 2020 жылдың 29 қыркүйегінен бастап күшіне енді.

«Тобыл» (Қостанай) ФК өтініші бойынша:

- «Тобыл» ФК ойыншысы Сенин Себайды 2 матчқа ойыннан шеттетіп, 3 матчты сынақ мерзімінде 3 айға белгілеу. Жазаны қолдану мерзімі 2020 жылдың 12 қазанынан бастап күшіне енді.

«Жетісу» (Талдықорған) ФК өтініші бойынша:

- «Жетісу» ФК ойыншысы Олжас Керімжановты 2 матчқа ойыннан шеттетіп, 3 матчты сынақ мерзімінде 3 айға белгілеу. Жазаны қолдану мерзімі 2020 жылдың 12 қазанынан бастап күшіне енді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×