ҚФФ-ның Бас хатшысы ФИФА Әлем кубогі (U-17) Ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып тағайындалды

31.01.2012, 21:32
ҚФФ-ның Бас хатшысы ФИФА Әлем кубогі (U-17) Ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Саян Хамитжанов ФИФА-ның 17 жасқа (U-17) дейінгі Әлем кубогінің Ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Бұл шешімді ФИФА-ның Бас хатшысы Джером Вальке мәлімдеді. ФИФА басшыларының тағайындалуы Қазақстан футболының алдағы дамуына және оның Еуропа, әлем футбол қоғамдастығына ықпалдылығымен негізделеді. Аталмыш комитетке ҚФФ Бас хатшысының мүше болып тағайындалуына Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің ойындарын жоғары дәрежеде өткізгеніміз және жасөспірімдер құрамасы арасындағы дәстүрлі "Президент кубогі" деңгейінің жылдан-жылға артып келе жатқандығы себеп болған. «Қазақстан ірі халықаралық ресми турнирлердің тек қатысушысы ғана емес, ұйымдастырушысы болатынын да баса айтқым келеді. Сондықтан, бұл тағайындау - Қазақстан футболының қарқынды дамуының көрінісі, әрі біздің сеніміміз деген сөз" - деді ФИФА Бас хатшысы Джером Вальке.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×