QJ League чемпионы “Шахтер” сапына ауысуы мүмкін

“Қайрат Жастар” командасы қақпашысы Диас Реимов бүгінде Шымкент жерінде қаралымда жүр.

QJ League чемпионы “Шахтер” сапына ауысуы мүмкін

18 жастағы ойыншы “Шахтердің” Шымкенттегі жаттығу-жиындарына келіп қосылды. Алдағы уақытта Огай жаттықтыратын клуб Реимовты “Қайраттан” жалға алатын болады.

Еске салсақ, Диас “Қайрат” командасының U18 ұжымымен бірге 2023/24 жылғы маусымында QJ League турнирінің жеңімпазы атанды.

Биылғы жылы ол Алматы клубының дублінде Бірінші лига аясында 9 матч өткізіп, өз қақпасына 15 гол жіберді. 

Айтпақшы, Игорь Солощенко бастаған “Шахтердің” екінші командасы да жаңа маусымға дайындықты Шымкент қаласында өткізіп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Шахтер ФК
Aladop Youtube
×