Фото: Серый CARDINAL
1 қараша күні өткен QJL Awards гала-кешінде Килиан Мбаппенің қолтаңбасы қойылған жейде Mastercard серіктестері арқылы аукционға шығарылды.
Серый CARDINAL телеграм арнасының мәліметінше аукцион жеңімпазы — Қайрат Боранбаев. Ол жейдеге 3 миллион теңгеге сатып алды. Бірақ көпшілік күтпеген жағдай орын алңған, Боранбаев сол сәтте-ақ жейдені блогер Петр Воликовқа сыйға тартты. Ол бұл шешімін "Қайрат" клубында мұндай жейде бар деп түсіндірді.
Ең бастысы — түскен қаражат игі іске жұмсалмақ. QJ League дәстүрін жалғастырып, биылғы аукционнан түскен 3 миллион теңгені қайырымдылыққа бағыттайтынын хабарлады. Өткен жылы лига Қостанайдағы "Жанұя" балалар үйіне көмек көрсеткен болатын.