ҚКФЛ Сергей Квочкин атындағы сыйлықты тағайындады

06.10.2021, 21:29
Аталмыш жүлде маусымның қорытындысы бойынша еліміздің үздік шабуылшысына берілетін болады
ҚКФЛ Сергей Квочкин атындағы сыйлықты тағайындады

6 қазанда Қазақстандағы ең үздік шабуылшылардың бірі Сергей Квочкин 83 жасқа толар еді. 

Сергей Прокопьевич Өскемен қаласында дүниеге келген, бірақ өзінің футбол мансабын әскердегі қызметінен кейін «Қайрат» командасында бастады. Алматылық клуб сапында жалпы алғанда 300-ге жуық ойын өткізді, 74 гол соғып көзге түсті, Одақтың жоғары лигасындағы қазақстандық екінші сұрмерген болып табылады. КСРО клубтарының құрамында өнер көрсетіп, Латын Америкасындағы турнирге қатысып, аты аңызға айналған «Маракана» стадионында бразилиялық «Флумененсе» қақпасына гол соқты. «Қайраттан» бөлек павлодарлық «Строитель» мен өзінің туған клубы «Востокта» ойнады. 

Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін Квочкин «Восток», көкшетаулық «Торпедо» және «Екібастұз» клубтарында жұмыс істеді. 

Өмірінің соңғы күндеріне дейін Сергей Прокопьевич балаларды оқытуды жалғастыра отырып, өзінің футболға деген махаббтаын жоғалтпады. 2007 жылдың 29 желтоқсанында ол өз шәкірттерімен бірге ойынға барар жолда инфаркт алып, өмірден озды. Атақты Квочкин 69 жасында көз жұмды. 

Ағымдағы маусымнан бастап Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Сергей Квочкин атындағы жүлдені тағайындады. Аталмыш жүлде маусымның қорытындысы бойынша еліміздің үздік шабуылшысына берілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×