ҚКФЛ сырт алаңда соғылған гол ережесін алып тастады

11.08.2021, 23:18
Өзгеріс осы маусымнан бастап өз күшіне енді.
ҚКФЛ сырт алаңда соғылған гол ережесін алып тастады

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің жалпы жиналысында Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің қарауына 2021 жылғы маусымның OLIMPBET-футболдан Қазақстан Кубогінің плей-офф кезеңіндегі сырт алаңда соғылған гол ережесін алып тастау туралы ұсыныс жасады.

ҚФФ Атқарушы комитеті бұл өзгерісті қолдады. OLIMPBET-Қазақстан Кубогі Регламентінің жаңа редакциясына сәйкес, ағымдағы маусымнан бастап, 1/4 және 1/2 финалдық кезеңдеріндегі жеңімпаз әр команданың алаңында өткізілген екі ойынның қорытындысы бойынша дәстүрлі түрде анықталатын болады. Бірақ егер екі ойынның қорытындысы бойынша қос команда бірдей гол соқса, онда қарымта кездесудің негізгі уақытынан кейін қосымша уақыт ойналады (15 минуттан 2 тайм). Егер қосымша уақытта қос команда бірдей гол соқса немесе гол соға алмаса, онда жеңімпаз ойын ережелеріне сәйкес 11-метрлік пенальти сериясында анықталатын болады.

Сонымен қатар ҚФФ Атқарушы комитеті 2022 жылғы маусымда ҚКФЛ аясында өтетін барлық жарыстарда қолданылатын допты таңдады. Жаңа маусымнан бастап ішкі жарыстардың ресми добы болып Adidas компаниясының CONEXT21 PRO добы атанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×