Қойшы көп болса, қой арам өледі

22.08.2011, 21:57
Қойшы көп болса, қой арам өледі

Осы футболда көп жағдайда төрешілердің қызметі жайында көп әңгіме бар. Олардың қызықты шешімдері мен жасаған қадамдары футбол деген ойын пайда болғалы бері еш тоқтаусыз айтылып келеді. Ал сол «қара киімділердің» өздері доп қуалағанда қандай жағдай болады екен? Өткен ғасырдың 50-жылдарының соңында Италияның Сиена қаласында төрешілер өзара футбол ойнауды жөн санапты. Екі командаға бөлініп, жолдастық кездесу өткізуді ұйғарған олар алаңдағы өздерінің іс қимылдарын бір байқамақ болады. Тәп-тәуір басталған ойынның шырқы күмәнді кірген голдан шырт бұзылып кетеді. Алаңдағы 22 төреші бір-бірімен дауласып, оның соңы қиын-кескі төбелеске айналады. Нәтижесінде қызуқанды төрешілерді полиция өкілдері келіп ажыратады. Қойшы көп болса, қой арам өледі деген осы да.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×