«Қорғанысты күшейтудеміз». Польшалық клуб ҚПЛ өнер көрсеткен футболшымен толықты

07.02.2023, 17:42
«Қорғанысты күшейтудеміз». Польшалық клуб ҚПЛ өнер көрсеткен футболшымен толықты


"Атыраудың" экс-қорғаушысы Павел Барановски "Рухтың" намысын қорғайтын болды.

 32-жастағы аяқдопшы жаңа командасымен 2024 жылдың шілдесіне дейін келісімшартқа отырды. "Қорғанысты күшейтудеміз", - деп жазады "Рух" ФК баспасөз қызметі.

Барановски "Атырауда" өткен жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетуде. Ол ҚПЛ барлығы 21 ойын өткізіп, 1 голдық пас берді. Павел "Вигра", "Подбескидзе", "Стомиль" ұжымдарының намысын қорғаған.

Трансфермаркет қорғаушыны 100 мың еуроға бағалауда.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×