Қос «Астананың» басы бір қазанға сыя ма?

03.06.2011, 20:20
Қос «Астананың» басы бір қазанға сыя ма?
Елорданың «Локомотив» футбол клубы атауын өзгертті. Енді аталмыш клуб додаларға «Астана» командасы ретінде қатысады. Мұны Қазақстан футбол федерациясы да мақұлдады. Дегенмен бұл жерде бір түсіністік болып тұр. Ел футболында «Астана-64» атауымен елордалық тағы бір команда өнер көрсетуде. Бірінші лигада өнер көрсететін «Астана-64» «Локомотив» пайда болғанға дейін елорданың төл командасы болатын. Жейделері сары және көк. Ал «Локомотивтің» жейделері ақ және көк болатын. Алайда клуб атауын ғана «Астана» деп ауыстырмай, турнирлерге «Астана-64» клубы секілді сары және көк жейдемен қатысатын болды. Әлбетте, бұл жағдай жанкүйерлердің наразылығын тудырмай қойған жоқ. «Локомотив» клубының фан клубы болып саналатын «Локо-ультрас» команданың басшысы Григория Лорияның атына наразылық хатын жолдады. Бірақ әзірге жауап жоқ. Сондай-ақ «енді «Астана» мен «Астана-64» футбол клубтары бірігуі мүмкін» деген де сыбыстар тарауда. Не де болса, әліптің артын бағайық... Автор: Ақжол ЕШМАТ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×