Қостанайдағы Орталық стадионға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

23.09.2021, 15:23
Жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда, қостанайлық «Тобылдың» қалған ойындары «Тобыл Арена» манежінде өтеді
Қостанайдағы Орталық стадионға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Қостанай қаласындағы Орталық стадионды жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде басталады. Жөндеуден кейін стадион УЕФА-ның төртінші санатындағы талаптарға сай болады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Модернизация мыналарды қамтиды:

- камералық платформаларды орнату;

- телестудияларды орнату;

- электронды турникеттерді орнату;

- VIP-орындарды орналастыру;

- дизельді электр станциясын сатып алу және орнату;

- допинг-бақылауға және УЕФА делегатына арналған бөлме;

- баспасөз конференция залындағы орындар санының артуы.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда, қостанайлық «Тобылдың» қалған ойындары «Тобыл Арена» манежінде өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×