ҚПЛ-2019. Трансфер жаңалықтары

04.03.2019, 11:48
ҚПЛ-2019. Трансфер жаңалықтары
Өткен аптаның басты трансферлік жаңалығы болып Еркебұлан Сейдахметтің «Уфа» сапынан болгарияның «Левски» клубына ауысуы болып отыр. София қаласының командасында Еркебұлан 2019 жылдың соңына дейін болады. Бұл келісімнен екі команда да, Еркебұлан да жеңілмесі анық. Қазақстандық ойыншы шет елдік біріншіліктегі тәжірибиесін одан әрі арттыра береді, ал «Уфа» оны шеберлігі толысқан шақта қайтарып алмақ. Павлодардың «Ертісі» «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Могамед Парагульговты өз сапына қосып алды. Футболшы ойын тәжірибиесін алу мақсатында ауысса, «Ертіс» ортадағы ойынға көмегін тигізер деген үмітпен шақырып отыр. Болгариялық бапкер Димитар Димитров жас жартылай қорғаушыға мүмкіндік берері анық. ҚПЛден шығып қалған «Қызылжар» қайта оралу үшін бар күшті жұмсамақ. Петропавлдық клубтың бас бапкері Әли Әлиев те сол мақсатты жүзеге асыру үшін бар білгенін аямасы анық. Бапкер осы жайында фарер аралдарының «Торсхавн» командасын жеңгеннен кейінгі сұқбатында айтып берді. Әли ӘЛИЕВ «Қызылжар» ФК бас бапкері - Біздің осы ойынға қойған мақсатымыз жүзеге асты. Ең алдымен петропавл футбол мектебінің түлектеріне алғысымды айтқым келеді. Савченко, Скорых, Колодаб және Серғалиев. Олар бірінші таймда жандарын аямай ойнады. Енді Қазақстан біріншілігінде де осы бағыттан таймауымыз керек. Қазір қателіктермен жұмыс істеп жатырмыз. Оның ең бастылары допты бақылауда ұстау мен қарқынды арттыру болып отыр. Біз жастармен жұмыс істеп жатқандықтан, оның барлығын ретке келтіру үшін кішкене уақыт керек. Талдықорғанның «Жетісуы» да оқу-жаттығу жұмыстарын Түркияның Анталиясында аяқтап жатыр. Өткен аптада олар арменияның «Гандзасар» клубымен жолдастық ойын өткізіп, 2-2 тең түсті. Алмат БЕКБАЕВ «Жетісу» ФК қақпашысыБиылғы маусымда біздің мақсат бесінші орын алу. Соны орындау жазсын дейміз. «Тобыл» Қостанайдағы су жаңа жабық кешендегі алғашқы жаттығуын өткізді. Кешеннің бір артықшылығы қатты аяз кездері ойын өткізуге болады әрі 3000 жанкүйер сыйдыра алады. Нұрбол ЖҰМАСҚАЛИЕВ - «Тобыл» ФК спорттық директоры - Жеңіл жаттығулар, жиындар болмасы анық. Мұнда қазір жұмыс қауірт жүріп жатыр. Әр жиынның өз мақсаты бар. Команда сол мақсаттарына жетті десем де болады. Енді біріншіліктегі алғашқы ойындарға дайындала бастаймыз. Жаңа маусымның басталуына бірнеше күн ғана қалды.Сондықтан да дайындықты қорытындылаймыз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×