ҚПЛ-дағы кейінге қалдырылған ойындардың өтетін уақыты белгілі болды

25.05.2022, 12:26
Он екі турдың ішінде төрт ойын ауа-райына байланысты кейінге шегерілді.
ҚПЛ-дағы кейінге қалдырылған ойындардың өтетін уақыты белгілі болды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы футболдан Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының кейінге қалдырылған ойындарының өту күндерін анықтағаны туралы хабарлады.

Чемпионат Регламентінің 5.17.5 тармақшасына сәйкес Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі кейінге қалдырылған ойындарды келесі күндерге белгілеу туралы шешім қабылдады:

12 шілде, 12 тур: «Тұран» – «Ақтөбе», 21:00

12 шілде, 3 тур: «Шахтер» – «Ақсу», 19:00

5 қазан, 2 тур: «Ақжайық» - «Тұран»

Сонымен қатар ҚКФЛ Әкімшілігі «Ордабасы» мен «Ақсу» командалары арасындағы OLIMPBET-Чемпионатының 12-турының аяқталмаған кездесуін 2022 жылғы 29 маусымда сағат 20:00-де өткізу туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×