ҚПЛ-дің қашан басталатыны белгілі болды

23.07.2020, 20:35
Қашан басталатыны мәлім болғанымен, қайда өткізілетінін әлі белгісіз.
ҚПЛ-дің қашан басталатыны белгілі болды

Футболдан Қазақстан чемпионаты 3 тамызда басталады. Бұл туралы "Гол Емес" Telegram арнасы хабарлады.

«Денсаулық сақтау министрлігі ҚПЛ-ді қайта жандандыруды 3 тамыздан бастап бекітуді жоспарлап отыр, клубтар ойыншылар мен жаттықтырушыларды чемпионаттағы алдағы ойындар туралы алдын-ала хабардар етті», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Спорт министрлігімен ҚПЛ матчтарын бір жерде өткізуге келіскенін мәлімдеді, бірақ шешімді мемлекеттік комиссия қабылдайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×