"Атырау" АГМК ФК жеңіліп қалды. ОЖЖ барысында өткізілген матч Түркияда өтті.
Ойынның алғашқы таймында бірде-бір гол салынбады. Бірақта, есесіне екінші бөлікте жанкүйерлер голға қарық болды. АГМК ұжымы "мұнайшыларға" жауапсыз үш гол соғып кетті. Дәл соққыларымен Мартик Боаке (49-шы минут), Хуршид Гиясов (70-ші) және Абдулла Абдуллаев (80-ші) ерекшеленді.
Еске салайық, өзбекстандық өз біріншілігінде өткен маусым қорытындысы бойынша төртінші орынға тұрақтаған болатын. Ал "Атырау" болса, ҚПЛ 11-орынмен аяқтаған еді.
Жаңа маусымда "мұнайшылар" "Қайратқа" қонаққа барады. Ойын 4 наурызға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET