"Атырау" ФК Түркиядағы жиында "Вислаға" қарсы жолдастық кездесу өткізді.
Жалпы матч 1:1 есебімен аяқталды. Польшалық ұжым ойынның 14 минутында алға суырылып шықты.
"Мұнайшыларда" жауапсыз қалмады. Қорғаушы Матеус Биссидің арқасында "Атырау" бірінші тайм соңында есепті теңестірген болатын.
80-ші минутта "ақ-жасылдардың" алға шығуына мүмкіндік туған болатын. Бірақ, Ринат Жұмат 11-метрлік айып добынан мүлт кетті.
"Висла" Польшаның 13-дүркін жеңімпазы.
"Атырау" ҚПЛ өткен маусымын 11 орында аяқтады.
Біздің серіктес: FONBET