ҚПЛ клубының Түркиядағы жолдастық кездесуі болмай қалуы мүмкін

03.02.2023, 18:47
ҚПЛ клубының Түркиядағы жолдастық кездесуі болмай қалуы мүмкін


Қызылордалық "Қайсар" киевтік "Динамоға" қарсы жолдастық матч өткізбейтін болды.

Матч бүгін 3 ақпан күні ойнатылуы тиіс еді. 

Украиндық команда "Қайсардан" гөрі, румыниялық "Унира" ұжымымен бақ сынасуды жөн көріпті. 

Еске салайық, "Қайсар" өткен жылы бірінші лигада екінші орын алып, премьер-лигаға жолдама алды. Жыр елінің футбол командасын биылғы маусымда Виктор Кумыков жаттықтыруда. Ол өз мансабында "Атырау", "Шахтер", "Елім-Ай", "Ордабасы" сынды клубтарды тізгіндеген.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×