ҚПЛ қашан басталады?

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
28.04.2020, 21:05
Қазір жұртты футбол емес денінің саулығы алаңдатады. Бірақ аладоптың айналасында ұзақ әңгіме айтуға болады.
ҚПЛ қашан басталады?

Қазір футбол жанкүйерлерін ел чемионаты қашан жалғасады деген сауал қызықтырады. Жалпы Қазақстан футболын не күтіп тұр? Осы және өзге де сауалды танымал футбол сарапшысы, журналист Айдын Қожахмет пен кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абыраевқа қойған едік. 

Олжас АБРАЕВ - Кәсіпқой футбол лигасының басшысы

- Маусымды қайта жалғастырудағы басым бағыттар бар. Ол – чемпионаттың сапасын жоғалтпай негізгі құрылымын сақтап қалу. Біз бұл қағидалардың бұзылмауына мән береміз. Жағдайдың тұрақталғаны белгілі болған соң, клубтарға екі апта уақыт береміз. Командалар осы уақытта чемпионатқа дайындалады. Қазір тұтас әлем дағдарыста тұр. Футболдың жайы не болады? Ол жағы белгісіз. Біз өз тарапымыздан тиісті түзетулер енгіземіз. Бірақ спорттық қағида сақталады.   

Айдын ҚОЖАХМЕТ- футбол сарапшысы

- Бұл сұраққа қазір Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде жауап табылмай тұр. Жаһандық футбол бұған дейін мұндай оқиғаға тап болмаған еді. Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгені барлығымызды қиын жағдайға тіреді. Көптеген клубтарымыз қазір жай ғана сақтық шараларын сақтап қана отыр. Футболшылар өз үйлерінде ғана жаттығу жасап жатыр. Кейбір клубтарда футболшылар 2-3 тен жиналып жаттығулар жасауда.. Олар тек физикалық жағдайдан ғана дайындалғандықтан, тактикалық тұрғыда артта қалып барады. Жасыл алаңда бір-бірін түсінулері де жақсармағаны белгілі. Енді төтенше жағдай аяқталған соң оларға қайтадан футбол ойнау қиын болады. Сондықтан да, оларға қайтадан бірге жаттығу жасау қажет. Ол үшін екі аптадай уақыт керек. Демек, Қазақстан чемпионаты жақын арада басталады деуіміз артықтау болар.  

Ал сонымен қатар, чемпионаттың күнтізбесі қайта жасақталады. Себебі, біздің біріншілік екі ай уақыт жоғалтып алды. Күнтізбе енді үш емес екі айналым ойнауы керек. Біздің біріншілік енді басталғаны қандай жақсы, себебі әлі уақытымыз көп. Ал егер 10-15 тур өтіп кеткенде, ортадағы үзіліс қатты әсер берер еді. Ел футболын біршама өзгерістер күтіп тұр. Ол тек жарыстың өту әдісінде ғана емес өзге де тараптарын қамтуы ғажап емес. Мысалы, клубтардың көбісі қаржылық қиындыққа душар болуы мүмкін.  


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×