ҚПЛ. Соңғы трансферлер

01.03.2019, 21:03
ҚПЛ. Соңғы трансферлер
«Астана» маусым басталар тұста қорғаныста ойнайтын футболшымен күшейді. Хорватиялық қорғаушы Лука Шимунович енді елордалықтардың намысын қорғайды. Загребтің «Динамосының» түлегі соңғы рет солигорск қаласының «Шахтер» клыбында ойнаған. Жаңадан келген ойыншының бір артықшылығы – позицияны дұрыс таңдай біліп, алғашқы пасты да жақсы беретіндігі. Ал есесіне «Астана» сапынан Сергей Малый кетіп қалды. Ол енді шымкенттің «Ордабасы» клубының жейдесін киеді. Өткен аптада Роман Григорчук командасы Динамо Брест клубымен жолдастық ойын өткізіп, 2-2 тең түсті. Астаналықтар сапынан голдарды Лев Скворцов пен Серікжан Мұжықов соқты. «Кайрат» та хорватиялық легионер алды. Дино Миканович данияның «Орхус» клубанан ауыцсты. Оның жасы қазір 24-те. Қорғаушы Владмир Шпилевскийдің сызбасына дәл келіп тұрған сыңайлы. Сонымен қатар, алматылық клыб арменияның лори деген клцбымен жолдастық кездесу өткізді. Алматылықтар 4-2 есебімен жеңіске жетті. Бауыржан Исламхан дубль жасап, Айбол Әбікен мен Елдос Ахметовтер бір бірден гол соқты. «Ертіс» құрамын да екі ойыншы келіп толықтырды. 23-жастағы сербиялық Милан Мирославлев және 31-ге аяқ басқан қақпашы Антон Цирин. Мирославлев осыған дейін «Хайдук Кула», «Долина», «Пролетер» секілді клубтарда ойнаған. Өткен жылы ол «Пролетар» командасы сапында 12 ойында 10 гол соқты. Ал Цирин болса павлодар футболының түлегі. Осыған дейін де ол «Ертіс» намысын қорғаған. Тіпті ҚПЛ жүлдегері атанды. Өткен маусымда ол петропавлдың «Қызылжарында болды. Ал Рохер Каньяс неліктен қайтадан Қазақстанға келгенін айтты.

Рохер КАНЬЯС- «Ертіс» ФК жартылай қорғаушысы

- Мен қазақстанды Ертіс командасын өте жақсы білемін. Қазақстан маған футбол тұрғысында көп нәрсе берді. Сондықтан да екінші отаныма келгеніме қуаныштымын.

Биылғы біріншіліктің фавориттерінің бірі «Тобыл Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Команда маусым аралық үзілісте мықты ойыншылармен толығып жатыр. Соның бірі Никита Бочаров.

Никита БОЧАРОВ - «Тобыл» ФК жартылай қорғаушысы

Өткен жылғы маусым аяқталысымен маған Азат Нұрғалиев хат жазды. Ол маған «Тобыл» сапына ауысқың келмей ме деп сауал тастапты. Біз ол екеуміз бір командада ойнадық. Сондықтан да мені команданы күшейтеді деп шақырды. Ол мені жақсы білетіндіктен, клуб басшыларына қолғабыс етіптін. Сосын мен «Тобыл» сапына ауыстым.

«Жетісу» Түркиядағы жиынын жалғастыруда. Өткен аптада олар жолдастық матч өткізіп, 1-2 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен, команда жақсы ойын көрсетіп, көптеген гол соғатын мүмкіндіктер жасады. Дмитоий Огай шәкірттері биыл да фавориттердің жүйкесіне тиіп, медальға қол созуы мүмкін. «Шахтёр» польшаның «Термалика» командасымен кездесті. «Кеншілер» 1-0 есебімен жеңіске жетті. Қарағандылықтар күшейіп, маусымға нық сеніммен қатыспақшы. Жолдастық кездесулер барысында қарағандылық клуб үшін Жстония құрамасының шабуылшысы Сергей Зенев дебют жасады.

Сергей ЗЕНЕВ- «Шахтёр» ФК шабуылшысы

- Қала туралы барлығын тамашалап шықтым да, неге осында келмеске деп шештім. Дәл қазір бұл команда мен үшін өте жақсы нұсқа. Қазақстан футболында бірнеше досым бар. Олар қазір өзге командаларда ойнап жүр. Мен солардан сұрастырып жүріп, көп ақпарат жинадым. Олардың сөзі маған жақсы әсер етті де, мен еш ойланбастан Қазақ жеріне келіп отырмын.

«Ордабасы» мәскеудің «Динамо» командасымен кездесті. Шымкенттіктер 1-2 есебімен жеңіліс тапты. Қарсыластар сапынан Луценко мен Жаозиньо гол соқса, оңтүстік аймағының командасынан Виталий Ли көзге түсті.

Виталий ЛИ -  «Ордабасы» ФК жартылай қорғаушысы

Біз бүгін өте мықты командамен кездестік. Ресейдің беделді ұжымының бірі екенін бәрі біледі. Ойын барысында екі сызбанұсқаны пайдаландық. Алғашқысы 4, екіншісі 5 қорғаушымен болды. Деңгейі сәл жоғары командаға қарсы гол соқтық. Тіпті тең нәтиже алып кететін де мүмкіндіктеріміз болды. Көп тәжірибие жинайтын осындай спарринг ойындары көбірек болса деп тілейміз. 

Биылғы чемпионат 9 наурыз күні басталады. ҚПЛдың барлық клубы құрамын жасақтап үлгерді. Кім чемпион боларын қазір ешкім де білмейді. Демек, біріншіліктің басталуын тағатсыздана күтеміз деген сөз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×