Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қазір Премьер-лига матчтарында 48 жастан асқан қазақстандық төрешілер жұмыс істей алады.
Бұрын Премьер-Лига матчтарында бас төрешілер 48 жасқа дейін ғана қазылық ете алатын. Осы жасқа жеткеннен кейін төрешілер мансабын аяқтайтын еді.
Енді ҚФФ төрешілер комитеті жас шектеуін ұзарту туралы шешім қабылдады. Төрешілік мансабын жалғастыру үшін төреші физикалық сынақ және теориялық емтихан тапсыруы керек. Бұл құқықты екі төреші - алматылық Айдын Рахымбаев пен өскемендік Игорь Чесноков пайдаланды.
Екі төреші де Премьер-лига матчтарында 49 жасында қызмет еткен Қазақстандағы алғашқы бас қазы атанбақ. Чесноков Түркістанда өтетін Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалдық матчында қызмет атқармақ.
Біздің серіктес: FONBET