Құрметті редакция!
Футбол атты Ұлы ойынның көрермені біздің елде баршылық. Ұлттық құрамамыздың сәтсіз қадамдарына жанымыз ауырғанымен, қандай жағдайда да болмасын командамызға жанкүйер болудан тайынбаймыз. Әлбетте, еліміздегі халықтар достығы мен ынтымағының бұзылмауын дұрыс көреміз. Өзге ұлттардың да Отаны үшін аянбай еңбек етіп жатқандығын көз көріп те жүр. Дей тұрғанмен, футболдан ұлттық құрама негізінен қазақ аяқдопшышыларынан құрылуы керек деген пікірді орынды санаймыз.
Осы тұста газет «Құрама жанкүйер көзімен» деген акция бастауын ұсынамыз. Бұл акция шеңберінде қарапайым жанкүйерлер өз «құрамасын» ұсынса, бәлкім жаңа бапкер ел пікірін ескере жатар... Осылайша өзімізше келесі жылғы 9 ақпандағы құрамамыздың алғашқы жолдастық кездесуіне дайындықты бастап кетсек. Алғашқы болып мен ұлттық қомандамыздың құрамына өз нұсқамды ұсынамын.
Қазақстан құрамасы:
Қақпашы: М.Мұқашев (Тараз)
Қорғаушылар: С.Смақов (Ақтөбе), Ф.Ирисметов, Д.Дауытов (Локомотив), Р.Абдулин (Тобыл), Н.Кургулин (Тараз), М. Жалмағамбетов (Ертіс)
Жартылай қорғаушылар: Ұ.Қонысбаев (Тараз), А.Дарабаев (Ақтөбе), А.Нұрғалиев (Тобыл), Н.Жұмасқалиев (Тобыл), М.Шахметов (Локомотив), С Мұжықов (Жетісу), Қ.Нұрдәулетов (Локомотив), Ұ.Асанбаев(Ордабасы), Қ.Әшірбеков (Ордабасы), Б. Байтана (Тараз), Р.Сахалбаев (Атырау)
Шабуылшылар: М.Тілешов (Ақтөбе), Ж.Көкеев (Локомотив), Т.Нөсербаев (Ордабасы), М.Байжанов (Жетісу), Т.Досмағанбетов (Ақтөбе), Ә.Бөлешов (Атырау)
Құрметпен, Думан БОЛАТҰЛЫ