Беларусиямен өткен матч Қазқстан ұлттық құрамасының капитаны Андрей Карпович үшін 50 рет ұлттық құрама командасында өнер көрсетуі болып саналды.
30 жастағы «Локоматив» командасының жартылайқорғаушысы ұлттық құрамаға 2000 жылы қосылған болатын.
Бұл жағдай Абу-Дабиде орын алған болатын. Біріккен Араб Әмірлігіне (2:5) қарсылас ойнап жатқан кезде 61 минутта ойыншылардың бірін алмастыруға алаңға шыққан еді.
50 матчтың ішінде Карпович 3рет соғылған голдардың авторы атанды. 2004жылдың 28 сәуірінде Әзербайжанға (2:3), 2004 жылдың 8 қыркүйегінде УЕФА қарамағындағы алғашқы ресми матчта ол Украйна қақпасына гол соққан болатын. Ал өткен жылы, 2010 жылдың 11 тамызында, Омана құрамасының қақпасына айып алаңынан гол соғып көзге түскен болатын(3:1).
— Менің есімдегіқұрама сабындағы ең маңызды матчтар — бұл БАӘ өткізген кездесу, және-де елімізде өткен Украйнаға қарсы ойын, 2004 жылы УЕФА қатарына өткеннен кейінгі ең алғашқы салтанатты матч,- дейді Карпович. — Бізде сол кезде сәлсәтсіздіктер болды, біз соңғы минутта тепе-теңдікті қолдан жіберіп алған едіққой. Бірақ, менің әлі естен кетпейтіндей ойындарым алдағы уақытта болады деп үміттенемін және сенемін.
Карповичтан ұзақ ұлттық құрама үшін тер төккендер олар: Руслан Балтиев (73 матч), Самат Сымақов (58 матч) және Нұрбол Жұмасқалиев (53 матч).