Құрбан Бердыев «Қайрат» басшылығында жаңа қызметке тағайындалды

27.05.2021, 20:09
Бұл маманды көпшілік алматылық клубқа бас бапкер болады деп күткен еді.
Құрбан Бердыев «Қайрат» басшылығында жаңа қызметке тағайындалды

Бердыев Құрбан Бекиұлы - «Қайрат» ФК Бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады клубтың ресми сайты.

Тәжірибелі маман алматылық клубта үш бағытта жұмыс істейтін болады: негізгі команданың жұмысын қолдау және кеңес беру, клуб академиясы және Мәскеулік «Қайрат» жобасы.

Жұмыс аралас режимде жүзеге асырылады: Алматыға семинарлар өткізу үшін кездесулер үйымдастырылады, сондай-ақ онлайн режимде.

Бүгін Академияның жаттықтырушылар құрамымен алғашқы кездесу өтті, жиналыс барысында Академияның U14 және U15 командаларының жаттығу процесі талданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×