Құрбан Бердыев «Қайратпен» келісім-шартын ұзартпақ

23.12.2021, 18:04
Бердыев өзінің ойын философиясына сай келетін футболшыларды іздей бастады. 
Құрбан Бердыев «Қайратпен» келісім-шартын ұзартпақ

Sports.ru Қазақстан порталына белгілі болғандай, Құрбан Бердыев «Қайратпен» келісім-шартын ұзартуға жақын.

69 жастағы маман алматылық клубтың басшылығымен ақылдаса келе, келісім-шартты тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Келесі маусымда «Қайрат» Бердыевтің жетекшілігімен чемпиондық атағын қайтарып алуды көздеп отыр.

Бердыев Қазақстан мен Ресейден өзінің ойын философиясына сай келетін футболшыларды іздей бастады. 

Естеріңізде болса, Құрбан Бердыев «Қайратты» тамыз айының соңында тізгіндеген болатын. Оның басшылығымен алматылықтар Премьер-лиганың қола жүлдесіне қол созды, Конференция лигасының топтық кезеңінде соңғы орынға тұрақтады, бірақ маусымды ел кубогіндегі жеңіспен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×