Құрбан Бердыев: «Тобылмен» өткен кездесу өте тартысты әрі қиын болды

17.04.2022, 18:45
Алматылық клуб кеше соңына дейін күресті.
Құрбан Бердыев: «Тобылмен» өткен кездесу өте тартысты әрі қиын болды

«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев матчтан кейінгі баспасөз маслихатында «Тобылға» қарсы өткен кездесу (2:2) жайлы өз пікірін білдірді:

- «Тобылмен» болған кездесу тартысты әрі қиын болды десем болады. Неліктен десеңіз, бірінші кезекте, қарсылас команданың сапында жоғары деңгейлі ойыншылар көптеп жиналған. Былтырғы маусымның чемпиондары екенін де атап өткен жөн.

Жас ойыншыларымыздың қобалжуы және қателіктер жіберуі «Тобылдың» бізден бір бас жоғары тұруына әсер етті. Әсіресе ойынның екінші бөлігінде.

Андрей Ульшин орталық қорғаушы позициясында жақсы ойнады. Өкінішке орай, Яцек Гуральскийдің жарақаты бар және белгілі бір уақыт аралығында ойынға қатыса алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×