Құрлықтар айқасы

04.07.2014, 01:42
Құрлықтар айқасы

IMG-20140626-WA0028Әлем чемпионатының қызған шағы. Жарыс бел ортасынан ауып, әр күн сайын бір команданы отанына қайтаруда. Топтық кезеңде жарысты аяқтаған Испания, Англия, Италия секілді мықтылардың қатарын Чили, Мексика, Алжир, Нигерия, Грекия секілді құрамалар толықтырды. 1/8 финалдар толықтай аяқталып, ширек финалдың да кезегі жетті.

Осы чемпионатта бізді қызықтырғаны футболшылардың өз ұлттық құрамаларын өзге командаларға айырбастауы. Яғни, өзінің туған елінің құрамасына ойнамай, өзге елдің намысын жыртуы. Әлем чемпионаты жаһандық жарыс болғандықтан, футболды кім мықты меңгерген деген сауао туындайтыны түсінікті. Мысалы, бразилиялық футболшы Диего Коста биыл Испания құрамасының сапында ойнады. Және чемпионатта гол соқты. "Атлетико" Мадрид сапында тамаша ойын көрсете бастаған кезде Костаға Бразилия футбол басшылары құрамаға шақырту жіберген болатын. Бірақ, ол Испанияны таңдады. "Қызыл фурия" әлем чемпионы деген атақпен қоштасып кетсе, Бразилия Чилиді пенальти сериясында жеңіп жарысты ширек финалда жалғастыратындар тізімінде алғашқы болып тұр.

Ал бір әулеттің екі баласы екі бөлек командада ойнап жүргеніне осы күні ешкім де таңқалмайтын болды. Кевин-Принс Боатенг Гана құрамасының сапында лидер болса, оның інісі Жером Боатенг Германия құрамасының қорғаушысы. Және бір қызығы, соқыр жеребе осы екі құрама команданы бір топқа түсірген болатын. Бір атаның балалары бір біріне қарсы алаңда ойын өткізді. Осы мәселеге орай баспасөз мәслихатында біз Кевин-Принстен бұл жағдайға қалай қарайтынын сұрадық. Оның айтуы бойынша, Жером өзінің тарихи отаны Гананы жағдайы мықты, жылы Германияға алмастыра салған. "Жалпы, Жеромның бұл қадамы мен үшін отанын сатқанмен тең", - деп кесіп-пішті Кевин-Принс Боатенг. Бірақ, Әлем чемпионатын Гана құрама командасы топтық кезеңде ерте аяқталды. Ал Кевин-Принс бапкерменен жаға жыртысып, командадан аластатылып кетті. Енді, Боатенгтер әулетін муниальда тек Жером ғана таныстырмақ. Германия құрамасы қиыншылықпен болса да, ширек финалға жолдама алды. Ораза ұстап шыққан Алжир құрамасының футболшылары неміс мәшинесіне толықтай қарсылық көрсетті.

венгерФутбол тойына күллі әлемнен арнайы қонақтар келді. Көптеген мемлекеттің президенттері мен корольдері осы күндері Бразилияда өз құрамаларына қолдау көрсетіп жүр. Франция мемлекетінің басшыларынан ешкім келмесе де мұнда француз ойыншыларына қолдауды атақты бапкер Арсен Венгер көрсетіп жүр. Лондонның "Арсенал" командасының бас бапкері, өз отандастарына жылы лебіздер білдіріп, команданың жас бапкері Дидье Дешамға рухани қолдау көрсетуде. Нигерия құрамасын 2-0 есебімен ұтқан "әтештер" ширек финалда неміс мәшинесімен кездеседі.

Өз құрама командасына қолдауды елінде жүріп-ақ тамаша жасап жатқан Коста-Рика президенті Луис Солис футболшыларға керемет шабыт беруде. Команда жеңген сайын көшеге шығып марафон жүгіріп жүрген елбасы осы аптада тағы бір мәрте халықтың ортасында болып, ұлттық құраманың жеңісіне куәгер болды. Олар Грекия құрамасын жеңіп келесі кезеңге өтті. Енді ширек финалда олар Голландия құрамасына қарсы шықпақ. Мексиканы зорға ұтқан Нидерланды командасына қарсы төтеп берер болса, Коста-Рика құрамасы осы чемпионаттың нөмері 1-сенсациясы болмақ.

Бразилиялық жанкүйерлердің ойынша олардың құрамаларының басты қарсыласы болып саналып келе жатқан Аргентина тағы бір еуропалық команданы жарыстан шығарды. Бапкерлік қызметін аяқтаған атақты бапкер Оттмар Хитцфельдтің Швейцария құрамасымен жеткен жері 1/8 финал болды. Марадоннаның отандастары енді Бельгия командасына қарсы шықпақ. Африка мен Албания елінен шыққан футболшыларды жинаған "қызыл сойқандар" жойқын күш болып саналып келеді. Матчтың соңына қарай демі ашылатын бельгиялықтар сапында талантты футболшылар өте көп.

янузайСоның бірі косова-албан тектес - Аднан Янузай. 19-жасар жартылай қорғаушы биылғы біріншіліктің ең үздік жас ойыншысы атануы әбден ықтимал. Футболшылардың өздерінің ұлты құрап отырған мемлекеттерінің құрама командасына емес, өзге ұжымдарда ойнауының бір жарқын үлгісін осы футболшымен-ақ көрсетуге болады. Негізі Янузай Албания құрамасында ойнауы тиіс. Әлем чемпионатының алдында Аднанға 4 бірдей құрама құда түсті. "Манчестер Юнайтед" командасында ойнап жүргендіктен ағылшындардың да жас таланттан дәмесі зор еді. Сонымен қатар, Түркия құрамасы да бұл футболшының түркі тектес тайпадан шыққанына байланысты өз қосынына тартқысы келген. Түбінде Янузай Брюссельде туып өскендігінен болар, Бельгия құрамасын таңдады. Жалпы алғанда Бельгия, Швейцария, Франция және Германия құрамаларындағы футболшылардың көбісі өздерінің тарихи отандарына емес, туып-өскен командаларында ойнауда. Олардың араларында бір кемшілігі, сол елдің чемпионатында нәпақа тауып жүргендер де азаматтық алып, құрама сапына алынуы. Еуропалық командалар таза өз ұлтынан шыққан футболшыларды ойнату мәселесінде Бразилия, Аргентина, Колумбия, Коста-Рика құрамаларынан үлгі алғандары дұрыс. Еуропадағы бұл үрдіс Әлем чемпионатында қатты байқалды. Кейбір құрамалардың негізгі ойыншылары тегіс өзге ұлт өкілдері болып жатты. Қазақстанға да осы жұқпалы індет келіп жеткен секілді. Ел азаматтығын алып жатқан легионерлер саны жыл сайын артуда.

"Егер бұлай жалғаса беретін болса, 20-30 жылдан кейін Франция мен Англия секілді құрамаларда тегіс легионерлер, қара нәсілділер ойнайтын болады" - дейді Несіп Жүнісбайұлы. Трибунада отырып әңгіменің тиегін ағытқан спорт журналисі "Әлем чемпионатының, жалпы әлем футболының дамуының бұл жолы түбінде жақсылыққа әкелмейді", дейді.

ДЖЕРРАРДӨз ұлттық құрамасында талай жыл тер төгіп өткен ағылшын футболшысы Стивен Джеррард журналистер мен жанкүйер қауымы тарапынан биылғы біріншіліктің ең жолы болымаған футболшысы ретінде бағаланды. Шынымен де, Англия құрамасына 10 жылдан астам қызмет еткен даңқты ойыншы Әлем чемпионаттарында да, Еуропа біріншіліктерінде де ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмай кетті. Ағылшындар биыл тіпті өз топтарынан шыға да алмай масқара болды. "Ливерпульдің" тарихынан ойып тұрып орын алатын Стиви миллиондаған фанаттардың жүрегінен орын алары анық. Бірақ, сол футболшы ұлттық құрамасымен ештеңе өндіре алмағаны аянышты болды.

Биылғы біріншіліктің басты жаңалығына баланған тағы бір футболшы бар. Ол Уругвай шабуылшысы - Луис Суарес. Командасын алға сүйреген шабуылшы Италияға қарсы өткен маңызды матчта қарсылас қорғаушысын иықтан тістеп алды. Италиялық қорғаушылардың қарсыластың зығырданын қалай қайнататынын Зинедин Зидан секілді аса салмақты футболшылар да біледі. Бірақ, бұл жолы қорғаушы Кьелинидің иығы шынымен де жарақаттаныпты. Оны арнайы тексерістен өткізіп көрген Фифа өкілдері бірден Суаресті чемпионаттан шеттетіп тастады. Қылмысы әшкереленген Суареске уругвайлық журналистер түрлі диагноздар қоюды. Бірі - ұлттық құрама үшін ол қарсыласты тоқтатуға кез-келген әдісті қолданады, ол нағыз ұлтжанды азамат десе, бірі - Суарес даңқты адам, Эйнштейн, Ньютаондар секілді өзінің бір психологиялық ауытқушылығы бар деді. Спортта мұндай жағдай Майк Тайсон мен Эвандер Холлифилд арасындағы бокс кешінде де болғандығын айта кетейік. Суарестің жыры Әлем чемпионаты аяқталса да бірнеше уақытқа дейін жанкүйер жадынан кетпейтіндей болды.

Ширек финалда Бразилияға қарсылас атанған Колумбия командасы да көпшілікті таңқалдыруда. Әлем чемпионатының жарық жұлдызы деген атқа алдымен Неймар менен Мессиді атасақ, енді колумбиялық Хамес Родригесті қосуға мәжбүрміз. 1/8 финалда Уругвай қақпасына екі гол соғып, жалпы чемпионатта Неймар мен Месси секілді 4 гол соққан футболшы мергендер қатарында.

Бразилия жерінде өтіп жатқан жарыс алдында Еуропалықтардың Латын америкасында өткен додада ешқашан чемпион атанбағанын айтқан болатынбыз. Енді ширек финалдық кездесулерге қарап айтар болсақ, мықты құрамалары жарысты ерте аяқтағанымен де "кәрі құрлық" командалары әлі де көп. 4 Еуропа командасына Латын Америкасынан 3 команда қарсы шықпақ. Және 8-командамыз Коста-Рика құрамасы. Құрлықтар арасындағы ғаламдық жарыстың шешімі шығар күн барған сайын жақындап келеді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Бразилиа қаласынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хольштайн
Аугсбург
19.30
П1
3.725
Ничья
3.52
П2
2.161
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хоффенхайм
Боруссия Менхенгладбах
19.30
П1
2.408
Ничья
3.62
П2
3.085
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Айнтрахт Франкфурт
Майнц 05
19.30
П1
2.131
Ничья
3.89
П2
3.455
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Штутгарт
Санкт-Паули
19.30
П1
1.556
Ничья
4.685
П2
6.28
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Вердер
Унион Берлин
19.30
П1
2.285
Ничья
3.445
П2
3.475
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Ипсвич Таун
Ньюкасл Юнайтед
20.00
П1
5.04
Ничья
4.175
П2
1.701
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Вест Хэм Юнайтед
Брайтон энд Хав Альбион
20.00
П1
2.804
Ничья
3.72
П2
2.498
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Брентфорд
Ноттингем Форест
20.00
П1
2.515
Ничья
3.605
П2
2.851
Чемпионат Испании. Примера
12.21
Сельта
Реал Сосьедад
20.15
П1
2.909
Ничья
3.21
П2
2.776
Чемпионат Италии. Серия А
12.21
Дженоа
Наполи
22.00
П1
5.79
Ничья
3.83
П2
1.719
Aladop Youtube
×