Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің...

26.08.2011, 03:52
Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің...
Бүгін Чемпиондар лигасының топтың кезеңінің жеребесі тартылды. Бавария мен Вильярреал өнер көрсетер "А" тобына қос дебютант тап болыпты. Дегенмен, қос клубта азулылығымен танылған кәрі құрлық  командасы. Мамандар пікірі бойынша, "өлім" тобына баланған бұл топта қай клубтың өлерменділігімен танылатыны, ал, қай клубтың өзегі өртенетіні әлі атап айту өте қиын. Интер бастаған "B" тобына  Мәскеулік ЦСКА, Франция чемпионы Лилль, түрік бауырларымыз Трабзонспор да келіп қосылыпты. УЕФА  бұл топтың үздігі деп Интерді есептегенімен, аталмыш клуб бапкері Джан-Пьеро Гасперини бұл шешімге басын шайқатын сыңайлы. Ал, Трабзонспор бапкері Садри Шенер " біз де бұл клубтармен терезесі тең өнер көрсетеміз" деп байбалам салуда. Алайда,  Мәскеуліктер тіпті Трабзонспорлықтарды танымайтынын мәлімдеді. Былтырғы Чемпиондар лигасының ақтық сынына шейін сапар шеккен Манчестер Юнайтед пен оның ежелгі қарсыласы Бенфика бір топқа түсті. Фергюсен шәкірттері сонымен қатар Базель және Оцелул клубтарымен  күш сынасады. "Қызыл сойқандар" бапкері жеребе сәтті түсті, бізді қиындыққа бөлер клуб жоқтың қасы десе, топқа тосыннан келген  Оцелулді бәрі бұл қай клуб деп таңырқай қарады. Ал, Реал былтырғы қарсыластары  Лион және аянып қалмайтын Аякспен  бір топта өнер көрсетеді. Кіл  мықты тобына сонымен қатар Загребтің Динамосы келіп қосылыпты. Дегенмен,  бұл клуб еуропа лигасына ауысу үшін 3-ші орынға тұрақтауды арман әрі қанағат тұтары сөзсіз. Е-тобындағы   "көк жейделілер" болса жаңа ойыншысы Хуан Матаның бұрынғы  клубымен топтас болды. Мата бұрынғы әріптестерін көріп марқайатын болды, ал Лондонға атақты Михаэль Баллактың өзі қонаққа келетін болады. Топтың қалған мүшелері Байер мен Генкте осал емес. Андре Виллаш-Боаштың өзі бұны мойындап,"Валенсияны" басты қарсылас деп жариялады. «F» тобында Арсенал Марсель, Олимпиакос, Дортмундтық  Боруссиямен бір топқа түсті. «G» тобындағы Еуропа лигасының жеңімпазы Портудың қарсыластары Шахтер мен Зенит басшылары өз командаларын Портуды жеңетіндей күштері бар деп санайтын көрінеді. Топтан тосылмай шығамыз деген  Порту сонымен қатар АПОЭЛ-мен алысуы керек. Зенит бапкері Спаллетти болса, бұл топқа сәтті түскенін жасырмады, қарсыластары тең дәрежеде болса да, мықты екенін де басып айтты. Шахтер бапкері Мирча Луческу болса Шахтер, Зенит, Портудің  топтан шығу мүмкіндіктері бірдей, "Порту" топ үздігі саналғанымен, Шахтердің шаңын қаға алмайды. Дегенмен АПОЭЛ-де біраз қиындықтар  тудыруы мүмкін екенін айтты. "Порту" елшісі  Фернанду Гомеш қарсыластарды бағалау керек екенін ортаға салды. Барселонамен «H» тобында бақ сынасар Миланның бапкері Массимилиано Аллегри каталондықтармен болар кездесу де бар күшін салатынын хабарлады. Ал, БАТЭ ойыншысы Филипп Рудик өзге планеталықтармен топтас болғанына қуанғанын баяндады. Ал, дебютант Виктория Милан мен Барселонамен бірге өнер көрсетіп, шытырман оқиғаға тап болғанын айта келе бұл біз үшін бақыт, ештеңе жоғалтпаймыз сол үшін соңғы күшіміз сарқылғанша сайысқа түсеміз ,- деді. «А» тобы. Бавария (Мюнхен, Германия), Вильярреал (Вильярреал, Испания), Манчестер Сити (Манчестер, Англия), Наполи (Неаполь, Италия). «B» тобы. Интер (Милан, Италия), ЦСКА (Мәскеу, Ресей), Лилль (Лилль, Франция), Трабзонспор (Трабзон, Түркия). «С» тобы. Манчестер Юнайтед (Манчестер, Англия), Бенфика (Лиссабон, Португалия), Базель (Цюрих, Швейцария), Оцелул (Галац, Румыния). «D» тобы. Реал (Мадрид, Испания), Лион (Лион, Франция), Аякс (Амстердам, Голландия), Динамо (Загреб, Хорватия). «E» тобы. Челси (Лондон, Англия), Валенсия (Валенсия, Испания), Байер (Леверкузен, Германия), Генк (Генк, Бельгия). «F» тобы. Арсенал (Лондон, Англия), Марсель (Марсель, Франция), Олимпиакос (Пирей, Греция), Боруссия (Дортмунд, Германия). «G». Порту (Порту, Португалия), Шахтер (Донецк, Украина), Зенит (Санкт-Петербург, Ресей), АПОЭЛ (Никосия, Кипр). «H» тобы. Барселона (Барселона, Испания), Милан (Милан, Италия), БАТЭ (Борисов, Белоруссия), Виктория (Пльзень, Чехия).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×